Accessibility links

Франция президенті Макрон Александр Лукашенко кетуі керек деді


Инаугурациясындағы Александр Лукашенко және шерушілер (коллаж).
Инаугурациясындағы Александр Лукашенко және шерушілер (коллаж).

Франция президенті Эммануэль Макрон Беларусьті басқарып отырған Александр Лукашенко демократияның логикасын қабылдап, биліктен кетуі керек деді. Бұл туралы президенттің Journal du Dimanche басылымына берген сұхбатына сілтей отырып Reuters агенттігі хабарлады.

Беларусьте 9 тамыздағы президент сайлауынан кейін тоқтаусыз қарсылық акциялары өтіп келеді. Наразылар сайлаудың әділ өтпегенін айтып, өзін жеңімпаз жариялаған Александр Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп отыр. Олар оппозиция атынан сайлауға түскен Светлана Тихановскаяның жеңіске жеткенін сенімді. Полиция бейбіт шерушілерге күш қолданып, жалпы саны 12 мыңнан астам демонстрантты қамады.

"Біз Беларусьтегі билік дағдарысының куәсі болып отырмыз. Дағдарыс авторитар әкімшіліктің демократия логикасын қабылдай алмай отыр" деді Макрон. "Лукашенконың кетуі керек ені анық".

The Guardian басылымының жазуынша, дәл осы сұхбатта Макрон Беларусьтегі "шерушілердің батылдығына тамсанатынын" айтқан.

"Олар апта сайын демалыс күндері шеруге шығуда қандай тәуекелге барып отырғанын біледі. Сөйте тұра қозғалысты одан әрі күшейте түсіп, ұзақ уақыт тежелген демократияны жандандыруға әрекет етіп жатыр" деді Макрон. "Әсіресе әр сенбі сайын шерулететін әйелдерге құрметіміз зор".

Сенбі, 26 қыркүйек күні Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей Батыс елдерін Беларусьте "аласапыран мен анархия" тудырып отыр деп айыптады.

Бейсенбі, 24 қыркүйекте Еуроодақ Лукашенконы Беларусьтің президенті деп танымайтынын мәлімдеді. Беларусьтің жақын серігі саналатын Ресей Еуроодақтың Лукашенконы президент деп танымаймыз деуі елдің ішкі ісіне араласқанмен бірдей деді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG