Accessibility links

Қырғызстан тәуелсіздігі жайлы айтқан саясаткер сөзінен кейін Бішкекте "Құл болма!" акциясы өтті


Бішкектегі "Құл болма!" акциясы. 27 қыркүйек 2020 жыл.
Бішкектегі "Құл болма!" акциясы. 27 қыркүйек 2020 жыл.

Қырғызстанда саясаткер бұрынғы Совет одағы құрамында болған республика тәуелсіздік мәселесін қайта қарастыруы тиіс деп айтқаны жайлы видео тарағаннан кейін Бішкекте жүздеген адам наразылық акциясын өткізді.

Әлеуметтік желіде тараған видеода үкіметшіл "Биримдик" партиясының жетекшісі Марат Аманкулов "30 жыл бойғы тәуелсіздік Қырғызстанның "ұясына" оралуы қажет екенін көрсетті" деп айтады. Ол Мәскеу жетекшілік ететін Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) бір мемлекетке айналуы тиіс деген идея айтады. Бұл одаққа Қырғызстан мен Ресейден бөлек, Беларусь, Қазақстан, Армения мүше.

27 қыркүйек күнгі акция кезінде наразылар орталық сайлау комиссиясынан Аманкулов пен оның партиясын парламент сайлауынан шеттетуді сұрады. Ақпарат бойынша, партия жетекшісі бұл сөзін биыл ақпан айында Ресей саясаткерлерімен кездесу кезінде айтқан.

Әлеуметтік желіде видео тарағаннан кейін Аманкулов мәлімдеме жасап, видеоны "арандату талпынысы" деп атады, сөзінің контекстен бөлініп, бұрмаланғанын жеткізді.

Акциядан Азаттықтың Қырғыз қызметі тікелей эфирде хабар таратты.

Наразылық акциясы парламент сайлауына бір апта қалған кезде өтіп отыр.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG