Accessibility links

Ұлыбритания мен Канада Таулы Қарабақта қақтығысты тоқтатуға шақырды


Әзербайжан әскерилері Таулы Қарабақ жаққа қарай зымыран ұшырып жатыр. Видеодан алынған скриншот. Қыркүйек, 2020 жыл.
Әзербайжан әскерилері Таулы Қарабақ жаққа қарай зымыран ұшырып жатыр. Видеодан алынған скриншот. Қыркүйек, 2020 жыл.

Ұлыбритания және Канада сыртқы істер министрлері Таулы Қарабақтағы “ірі әскери қимылдарға” алаңдаушылық білдіріп, қақтығысты тез арада тоқтатуға шақырды.

“Канада және Ұлыбритания Таулы Қарабақтың қақтығыс аймағында болып жатқан ірі әскери қимылдар жайлы ақпаратқа қатты алаңдайды. Елді мекендерге шабуыл жасау және бейбіт азаматтардың қаза болғаны жайлы хабарламалар қатты алаңдатып отыр. Әскери қимылдарды доғарып, атысты тоқтату туралы келісім шарттарын құрметтеп, азаматтардың өмірін сақтауға шақырамыз” делінген мәлімдемеде.

Оған Ұлыбритания сыртқы істер министрі Доминик Рааб пен Канада сыртқы істер министрі Франсуа Филипп Шампан қол қойған.

Рааб пен Шампан сонымен бірге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск процесі аясында келіссөз жүргізуді қолдайтынын да білдірген.

Бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш те Әзербайжан мен Армения басшыларын әскери қимылды тоқтатуға шақырған болатын. Гутерриш екі тарапты келіссөз үстеліне отыруға үгіттеп, аймаққа ЕҚЫҰ бақылаушыларын жіберу ұсынысын қолдауға үндеген.

29 қыркүйекте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді. Онда Таулы Қарабақтағы жағдай талқыланады.

Оңтүстік Кавказдағы тұрақсыз Таулы Қарабақ аймағында кейінгі төрт жыл ішіндегі ең ірі қақтығыс 27 қыркүйек күні басталып, бұл жағдайға аймақтағы державалар – Түркия мен Ресей назар аударған. Екі тарап та әскери тікұшақтар, дрондар, танкілер, артиллерия шығарды. Таулы Қарабақтағы жағдай – Еуропада қазір ең ұзаққа созылып жатқан қақтығыс.

Екі мемлекет жағдайдың ушығуына бір-бірін кінәлайды. Сейсенбіге қараған түні де қақтығыс аумағында атыс болып, Ереван мен Баку бір-бірін шекара аумағын атқылады деп айыптады. Соңғы мәлімет бойынша, екі жақтан барлығы 91 сарбаз бен бейбіт тұрғын қаза болған.

Қарай отырыңыз: Таулы Қарабақта армян-әзербайжан әскері қақтығысып жат.ыр (28 қыркүйек 2020 жыл).

Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс жалғасып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:53 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG