Accessibility links

Алматы қалалық соты белсенді Әсия Төлесоваға шыққан сот үкімін өзгеріссіз қалдырды


Сот үкімі шыққаннан кейін изолятордан қамаудан шыққан белсенді Әсия Төлесованы жақтастары қарсы алып тұр. Алматы, 12 тамыз 2020 жыл.
Сот үкімі шыққаннан кейін изолятордан қамаудан шыққан белсенді Әсия Төлесованы жақтастары қарсы алып тұр. Алматы, 12 тамыз 2020 жыл.

29 қыркүйекте қылмыстық істер жөніндегі Алматы қалалық соты белсенді Әсия Төлесоваға шыққан сот үкімін қарап, өзгеріссіз қалдырды. Тамыз айында Медеу аудандық соты "Билік өкілін қорлады" және "Билік өкіліне күш қолданды" деп айыпталған Әсия Төлесованың бас бостандығын бір жыл алты айға шектеген еді.

Төлесованың апелляциялық шағымын судья Бектемірова жетекшілік еткен сот алқасы қарады. Онда адвокат Жохар Өтебеков бірінші инстанцияда оқиға хронологиясының бірізділігі сақталмағанын айтып, айғақ ретінде келтірілген видеоның монтаждалғанын алға тартты. Бұл қылмыстық-процессуалдық кодексті өрескел бұзу деді адвокат. Ол бірінші инстанцияда сұралынбаған полиция қызметкерінен сұрақ-жауап алуды және оқиға хронологиясын қалпына келтіруді өтінді. Алайда сот оның өтінішін қанағаттандырған жоқ. Қорғау тарабы сонымен бірге Төлесова әрекетінің қоғамға қауіпті емес екенін, оның әрекетін қылмыстық кодекспен емес – әкімшілік кодекспен қарастыру қажеттігін айтты. Ал прокурор Құрақбаев сот үкімін өзгеріссіз қалдыруды, қорғау тарабының апелляциялық шағымын қанағаттандырмауды сұрады. Апелляциялық сот отырысы онлайн түрде өтті. Оны белсендінің жақтастары да қадағалады.

Азаматтық белсенді Әсия Төлесова Алматыда 6 маусымдағы митингіден кейін тұтқындалған. Ол наразылық кезінде полиция қызметкерінің фуражкасын қағып түсірген. Осыдан соң оны наразылық кезінде "полиция қызметкеріне күш қолданды" және "қорлады" деп айыптаған. Ал белсендінің өзі әлеуметтік желіде митинг кезіндегі заңсыздықтарды көріп тұрып шыдамай, "эмоцияға беріліп, жауап қайырдым" деп түсіндірген. Сот процесі кезінде белсендінің адвокаттары Төлесованың қолы полиция қызметкерінің басына емес, фуражкасына тигенін, олар физикалық соққы алмағанын айтқан еді.

Оқи отырыңыз: "Өзгерістің ауылы алыс емес". Әсия Төлесованың үкім, белсенділік пен саясат жайлы толғамы

Төлесова қамауда отырған кезде белгілі халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігін белсендіні босатуға шақырып, оның негізсіз ұсталғанын мәлімдеген.​

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG