Accessibility links

Беларусь билігі Tut.By сайтын ақпарат құралы мәртебесінен уақытша айырды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Беларусь ақпарат министрлігі 1 қазаннан бастап Tut.By сайтының жұмысын үш айға тоқтататынын хабарлады. Бұйрыққа ведомство жетекшісі Игорь Луцкий қол қойған. Шешімге сәйкес, Tut.By порталы қазан айынан бастап ақпарат құралы мәртебесінен айырылады. Портал өкілдері шешімге қарамастан қызметін жалғастыратынын айтып отыр.

Tut.By сайтының жазуынша, Беларусьте интернет-ресурстарды ақпарат құралы ретінде тіркеу міндетті емес. Дегенмен ақпарат құралы статусы қарулы қақтығыс аймағынан немесе төтенше жағдай кезінде ақпарат таратуға, қоғамдық шараларға, маңызды оқиғаларға қатысуға мүмкіндік береді. Tut.By сайты былтыр қаңтар айында ақпарат құралы ретінде тіркелген. Ал оған дейін мәртебесіз жұмыс істеген.

Tut.By порталы Беларусьтегі соңғы президент кампаниясы мен сайлау қорытындысы бұрмаланды деп наразылық жасаған демонстранттар шеруінен жиі хабар таратқан. Портал Лукашенконың отставкасын талап еткен азаматтар мен белсенділерді дөрекі ұстау жайлы үздіксіз ақпарат таратып жатыр.

7 тамыздан бері интернет басылым "БАҚ туралы заңды бұзғаны" туралы төрт рет ескерту алған. Мұндай ескертулер ақпарат министрлігіне сайттың жұмысын тоқтату туралы сотқа өтініш түсіруге құқық береді. Осындай шағым Минскінің экономикалық сотына түскен. Бұл іс бойынша алғашқы отырыс 8 қазанда өтеді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG