Accessibility links

Париждегі шабуыл бойынша ұсталған күдіктіні терроризммен күрес бөлімінің прокуроры тергейді


Шабуыл орнында зерттеу жүргізіп жүрген мамандар. Париж, 25 қыркүйек 2020 жыл.
Шабуыл орнында зерттеу жүргізіп жүрген мамандар. Париж, 25 қыркүйек 2020 жыл.

Charlie Hebdo сатира журналының бұрынғы кеңсесінде екі адамды пышақтады деп күдікке ілінген пәкістандық ер адамды терроризммен күрес жөніндегі прокурор тергейді. 25 қыркүйекте Парижде Charlie Hebdo журналының бұрынғы кеңсесіне шабуыл жасалып, екі адам жарақаттанған еді.

Бұған дейін прокурор күдікті тергеу сотына жеткізіледі деп хабарлаған еді, алайда артынан іс антитерроризммен күрес бөлімінің прокурорына беріліп, террор жоспарымен байланысты адам өлтіруге оқталу ісі ретінде зерттеле бастаған.

Прокурор Жан-Франсуа Ричардтың айтуынша, күдікті бастапқыда журнал кеңсесіне басып кіруге оқталғанмен ғимарат алдында 2015 жылғы шабуыл құрбандарына арналған бұрышта темекі тартып тұрған ер адам мен әйелді көрген. Оларды Charlie Hebdo қызметкерлері деп ойлап, пышақтаған. Екеуі де қатты жарақаттанған.

Күдікті тергеушілерге Charlie Hebdo-ның Мұхаммед пайғамбарды келемеж еткен 2006 жылы және биыл жариялаған карикатурасын көргенін айтқан. Ричардтың сөзіне қарағанда күдікті Францияға екі жыл бұрын жалғыз келген. Радикалды ағым өкілі ретінде полиция бақылауында болмаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG