Accessibility links

Жарты миллионға жуық қырғыз азаматы парламент сайлауында дауыс бере алмайды


Көрнекі сурет.

Жарты миллионға жуық қырғыз азаматы алдағы Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау кезінде дауыс бере алмайды. Қырғызстанның мемлекеттік тіркеу қызметі 30 қыркүйекте Азаттыққа осылай деп хабарлады.

500 мыңға жуық азамат биометрикалық тіркеуден өте алмаған. Олар әлі күнге дейін ескі үлгідегі төлқұжатты қолданады. Заң бойынша, мұндай азаматтар дауыс бере алмайды.

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізімінде шамамен 3,5 млн адам бар.

Елде биометрикалық дерек туралы заң 2014 жылы қабылданған. Азаматтарды биометрикалық тіркеуден мемдекеттік тіркеу қызметі өткізеді.

Қырғызстанда биометрикалық төлқұжаттар 2017 жылдың мамыр айынан бастап беріле бастаған.

Қырғызстанда парламент сайлауы 4 қазанда өтеді. Сайлауға 16 саяси партия қатысады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG