Accessibility links

Таулы Қарабақта атыс өткен тәулікте де тоқтамады

Әзербайжан әскерінің зымыран ұшыратын техникасы.
Әзербайжан әскерінің зымыран ұшыратын техникасы.

30 қыркүйекте Баку армян әскері Әзербайжанның Физулин ауданындағы Горадиз қаласын атқылады деп хабарлады.

Сәрсенбі күні Әзербайжан бас прокуратурасы таратқан ақпарат бойынша, жанар-жағар май станциясына жақын жерде снаряд жарылған. Бір адам қаза болған, үш адам жарақаттанған. Ведомство 30 қыркүйекте қарсы тарап Тертер ауданын артиллериямен атқылады деп мәлімдеді.

Армения басшылығы оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді.

Өзін республика деп жариялаған Таулы Қарабақта қақтығыстың жалғасып жатқанына төрт күн болды. Баку мен Ереван бір-бірін атысты бірінші болып бастады деп айыптап, жағдайдың ушығуына кінәлады. 27 қыркүйек таңертең басталған қақтығыста ондаған адам қаза болған, көп адам жараланған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Екі тарап та сәрсенбі күні Қарабақ аумағында бірнеше жерде атыс жүріп жатқанын хабарлады.

Осы аптада Ереван мен Баку бір-бірін өз аймағына тиесілі елді мекендерді (Армения - Варденис ауданын, Әзербайжан - Дашкесан ауданын) атқылады деп айыптаған. Армян билігі сонымен бірге түріктің F-16 истребителі армянның Су-25 әскери ұшағын жойды деп мәлімдеген. Ұшқыш мерт болған.

Арменияның қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян сәрсенбі күні Әзербайжан әуе шабуылы операцияларын Түркияның әуе әскери күштерінің басқаруына берді деп хабарлады.

Ал ресми Анкара Түркия армянның әскери ұшағын атып түсірді деген ақпаратты жоққа шығарды. Әзербайжан тарабы өзінде "F-16 истребителі жоқ екені" және қақтығыста қолданбағанын айтты. Дегенмен Қарабақта әскери қимылдар жанданған кезде түрік билігі Бакуді толық қолдайтынын мәлімдеген. Түркия сыртқы істер министрі Мевлюта Чавушоглу егер Әзербайжан қақтығыс кезінде көмек сұраса, көмегін аямайтынын жеткізген.

Қарабақтағы жағдайға Түркия ғана емес, Ресейдің (Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымына мүше) де араласу қаупі туындап отыр. Ресей билігі Түркияны әзербайжан тарабын қолдау туралы асығыс мәлімдеме жасамауға шақырды.

Таулы Қарабақтағы қақтығыстан бейбіт тұрғындар зардап шегіп жатыр

Әзербайжан әскерилері артиллериядан Армения тарабын атқылап жатыр. (Әзербайжан қорғаныс министрлігі 28 қыркүйекте жариялаған видеодан скриншот).
1/22 Әзербайжан әскерилері артиллериядан Армения тарабын атқылап жатыр. (Әзербайжан қорғаныс министрлігі 28 қыркүйекте жариялаған видеодан скриншот).
Армения қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, армян әскерилерінің Әзербайжанның техникасын жарған сәт.
2/22 Армения қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, армян әскерилерінің Әзербайжанның техникасын жарған сәт.
Әзербайжанның Тертер қаласының тұрғыны бүлінген үйін көрсетіп тұр.

3/22 Әзербайжанның Тертер қаласының тұрғыны бүлінген үйін көрсетіп тұр.

Армения сыртқы істер министрлігі "қақтығыстан зардап шеккен бейбіт тұрғын" деп жариялаған сурет.
4/22 Армения сыртқы істер министрлігі "қақтығыстан зардап шеккен бейбіт тұрғын" деп жариялаған сурет.
Әзербайжанның Тертер қаласында бүлінген жол.
5/22 Әзербайжанның Тертер қаласында бүлінген жол.
Таулы Қарабақ аймағындағы тұрғын "Әзербайжан әскерінің атқылауынан" бүлінген үйін көрсетіп тұр.
6/22 Таулы Қарабақ аймағындағы тұрғын "Әзербайжан әскерінің атқылауынан" бүлінген үйін көрсетіп тұр.
Әзербайжанның Тертер қаласындағы "атқылаудан" қираған ғимарат.
7/22 Әзербайжанның Тертер қаласындағы "атқылаудан" қираған ғимарат.
Әзербайжанның Тертер қаласындағы "бүлінген жол мен қираған ғимарат".
8/22 Әзербайжанның Тертер қаласындағы "бүлінген жол мен қираған ғимарат".
Таулы Қарабақ аймағының астанасы Степанакерттегі бомбадан жасырынатын жерде отырған армян әйелдері.
9/22 Таулы Қарабақ аймағының астанасы Степанакерттегі бомбадан жасырынатын жерде отырған армян әйелдері.
Әзербайжанның Тертер қаласындағы бүлінген қақпа.
10/22 Әзербайжанның Тертер қаласындағы бүлінген қақпа.
Әзербайжан әскерилері артиллериядан атқылап жатыр. Әзербайжан қорғаныс министрлігі жариялаған сурет.
11/22 Әзербайжан әскерилері артиллериядан атқылап жатыр. Әзербайжан қорғаныс министрлігі жариялаған сурет.
Әзербайжанның Тертер қаласының тұрғыны "бүлінген" киоскісін көрсетіп отыр.
12/22 Әзербайжанның Тертер қаласының тұрғыны "бүлінген" киоскісін көрсетіп отыр.
Баку тұрғындары Әзербайжан әскерилеріне құрмет көрсетіп тұр.

13/22 Баку тұрғындары Әзербайжан әскерилеріне құрмет көрсетіп тұр.

Таулы Қарабақтағы қақтығыстан бүлінген ғимарат. Армения сыртқы істер министрлігі таратқан сурет.

14/22 Таулы Қарабақтағы қақтығыстан бүлінген ғимарат. Армения сыртқы істер министрлігі таратқан сурет.

Әзербайжанның Тертер қаласындағы бүлінген жол.
15/22 Әзербайжанның Тертер қаласындағы бүлінген жол.
Бакуден шығып бара жатқан әзербайжандық сарбаздар.
16/22 Бакуден шығып бара жатқан әзербайжандық сарбаздар.
Армения мен Әзербайжан шекарасы маңындағы бүлінген ғимарат. Армения сыртқы істер министрлігі таратқан сурет.
17/22 Армения мен Әзербайжан шекарасы маңындағы бүлінген ғимарат. Армения сыртқы істер министрлігі таратқан сурет.
Таулы Қарабақтағы Мартуни тұрғыны "Әзербайжан әскерилерінің атқылауынан" қираған ғимаратқа қарап тұр.
18/22 Таулы Қарабақтағы Мартуни тұрғыны "Әзербайжан әскерилерінің атқылауынан" қираған ғимаратқа қарап тұр.
Армения мен Әзербайжан шекарасы маңындағы бүлінген ғимарат. Армения сыртқы істер министрлігі таратқан сурет.
19/22 Армения мен Әзербайжан шекарасы маңындағы бүлінген ғимарат. Армения сыртқы істер министрлігі таратқан сурет.
Ер адам артиллериядан атылған оқтың сынығын ұстап тұр. Армения сыртқы істер министрлігі таратқан сурет.
20/22 Ер адам артиллериядан атылған оқтың сынығын ұстап тұр. Армения сыртқы істер министрлігі таратқан сурет.
Таулы Қарабақтағы Мартуни қаласында қираған ғимарат.
21/22 Таулы Қарабақтағы Мартуни қаласында қираған ғимарат.
Жұрт бомбадан қорғанатын жерде тұр. Степанакерт, Таулы Қарабақ.

22/22 Жұрт бомбадан қорғанатын жерде тұр. Степанакерт, Таулы Қарабақ.

Previous slide
Next slide

Бұған дейін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабақтағы қақтығысты айыптап, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш әскери қимылдарды тез арада тоқтатып, келіссөзге отыруға шақырған.

Алайда Әзербайжан мен Армения бейбіт келіссөзге қарсы тарап кедергі жасап отыр дейді.

"Армян премьер-министрі Қарабақ - Арменияның бір бөлігі деп жария түрде айтты. Мұндай жағдайда келіссөз жайлы қалай айтуға болады?" деді "Ресей-1" арнасына берген сұхбатында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.

Армян үкіметінің жетекшісі Никол Пашинян Әзербайжан "Таулы Қарабақ пен Арменияға агрессия көрсетуін тез арада тоқтатуы керек" деді.

Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақ аймағы үшін 1988 жылдан бері қақтығысып келеді. 1988-94 жылдары арасындағы соғыста 30 мыңдай адам қайтыс болды. 1994 жылы екі ел қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойған. Сол уақыттан бері Таулы Қарабақ этникалық армяндардың бақылауында. Таулы Қарабақ аймағы 1991 жылы тәуелсіздік жариялап алған.

XS
SM
MD
LG