Accessibility links

Коронавирус және пневмония: 8,7 мың аяғы ауыр немесе босанған әйелге Covid жұққан, 52-сі қайтыс болған


Аяғы ауыр әйелдің денсаулығын тексеріп жатқан медицина қызметкері.

Қазақстанда індет тараған наурыз айынан бері 5 мыңнан астам аяғы ауыр немесе босанған әйелден коронавирус инфекциясы табылған. Тамыздан бері 3700 жүкті әйел коронавирус пневмониясына шалдыққан. Денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын тауар және қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Азаттыққа жіберген ресми жауабында осындай мәлімет айтылады.

Департаменттің хабарламасындағы ақпарат бойынша, наурыз айынан бері 5059 жүкті немесе босанған әйелге коронавирус инфекциясы (ПТР-тестпен расталған) жұққан. Бұл жалпы науқастар санының 4,7 пайызына тең. 4949 әйел жазылған. 58 әйел қазір стационарда емделіп жатыр. 52 адам қайтыс болған.

Қазақстан 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына жеке код беріп, жалпы пневмониядан ажыратып, бөлек есептеп келеді. Департамент хабарламасында 3700 жүкті әйелдің коронавирус пневмониясына шалдыққаны жазылған. 3645-і жазылған, 55-і стационарда емделіп жатыр. Департамент мәліметіне сенсек, елде коронавирус пневмониясынан бірде-бір жүкті әйел қайтыс болмаған.

Алайда кейбір аймақтың денсаулық сақтау басқармасы өкілдері бұған дейін Азаттық тілшілеріне аймақта коронавирус пневмониясынан қайтыс болған әйелдер барын айтқан еді. Мәселен Жамбыл облысында 2 әйел коронавирус пневмониясынан көз жұмған.

Оқи отырыңыз: "Балаларын сұрай берді". Індет әкеткен жүкті әйелдер

Бұған дейін дәрігерлер коронавирустың анадан балаға берілмейтінін, босанған әйелдердің балаларынан вирус табылмағанын хабарлаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG