Accessibility links

ПТР растаған дерек. Қазақстанда бір күнде 62 адамнан коронавирус анықталды


Коронавирус пандемиясы кезінде дәріханадан шығып келе жатқан қыз. Алматы, 30 тамыз 2020 жыл.
Коронавирус пандемиясы кезінде дәріханадан шығып келе жатқан қыз. Алматы, 30 тамыз 2020 жыл.

2 қазан күні Қазақстанда 62 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталды. Тәулік ішінде 82 науқас жазылып шыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы кейінгі айда Covid инфекциясын жұқтырғандардың тәулік көрсеткіші бойынша тұрақты түрде алдыңғы орыннан табылып келеді. Өткен тәулікте облыста 18 науқас тіркеліп, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 8787-ге жетті. Бұл – Қазақстан аймақтары бойынша бесінші көрсеткіш.

Солтүстік Қазақстан облысында 13 науқас, Қарағанды облысында 6 науқас, Павлодар облысында 4 науқас анықталды. Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола және Алматы облыстарында үш-үштен; Алматы қаласында, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында екі-екіден; Шымкент қаласында, Түркістан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында бір-бірден науқас тіркелді. Жамбыл және Маңғыстау облысында өткен тәулікте ешкімнен коронавирус табылмады.

Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталғандардың жалпы саны 108 106-ға жетті. Оның 103110-ны жазылған, 1720-сы қайтыс болған. Вирус жұқтырғаны расталған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адамның өлімі Covid жөніндегі ұлттық статистикаға қосылмаған.

Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бері ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын вирустық пневмонияның есебін жүргізіп келеді. 2 қазанға дейін 33 212 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Оның 27 337-сі жазылып шыққан, 357-сі қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG