Accessibility links

Қазақстанда коронавирустан тағы 4 адам қайтыс болды


Коронавирустан қайтыс болғандардың зираты. Ақтөбе, 7 тамыз 2020 жыл.
Коронавирустан қайтыс болғандардың зираты. Ақтөбе, 7 тамыз 2020 жыл.

2 қазан күні Қазақстанда төрт Covid өлімі тіркелді. Оның үшеуі вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқас, біреуі ПТР тестімен расталмаған науқас. Бұл туралы үкіметтің ресми ақпарат көзі coronavirus2020.kz Telegram каналы хабарлады.

Қазақстан үкіметі вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталмаған коронавирус науқастарының есебін тек 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Бұл науқастары коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 1 тамыз бен 3 қазан аралығында барлығы 33 378 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Оның 27 390-ны жазылып шыққан, 358-і қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус пневмониясына шалдыққаны 1 тамызға дейін анықталғандар саны кірмеді. Елде жыл басынан 2 тамызға дейін 256 мың адам пневмонияға шалдыққан. Бұл – өткен жылдың алғашқы жеті айындағы саннан 3,3 есе жоғары көрсеткіш. Денсаулық сақтау министрлігі ол науқастардың қаншасы бактериялық, қаншасы вирустық пневмонияға шалдыққанын нақтыламады. Алайда мекеме 1-8 шілде аралығында 56,8 мың адамнан коронавирус пневмониясы анықталғанын, оның ішінде 39,7 мыңында коронавирус белгілері байқалғанын мәлімдеді.

ДСМ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына қарамастан коронавирус пневмониясын Covid жөніндегі ұлттық статистикасына қоспай отыр. Ол статистика тек ПТР тестімен расталған науқастар дерегі кіріп отыр. Елде 13 наурыз бен 3 қазан аралығында барлығы 108 106 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған.

Мамандар тек ПТР тестіне сүйену шынайы ахуалды көрсетпейді дейді. Әуелі науқастардың бәрі ПТР тестін тапсырмауы мүмкін. Екіншіден ПТР тестінің қате нәтиже беруі ықтимал екенін ДСМ-нің өзі де мойындап отыр. Бұған тест сапасы және сынаманың дұрыс алынбауы секілді факторлар әсер мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG