Accessibility links

Қырғызстан ОСК-сі сайлау кезінде журналистердің құқығы бұзылғанын мойындады


Азаттық түсірілім тобына шабуыл жасау сәті. Талас қаласы, Қырғызстан, 4 қазан 2020 жыл.
Азаттық түсірілім тобына шабуыл жасау сәті. Талас қаласы, Қырғызстан, 4 қазан 2020 жыл.

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясы сайлау кезінде журналистердің құқығы бұзылғанын мойындады. Бұл туралы Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының мүшесі Атыр Абдрахматова Азаттықтың тікелей эфирінде хабарлады.

"Журналистерді сайлау учаскелеріне кіргезбеген жағдайлар болды. Менің білуімше, қазір мәселе шешілген, бірақ журналистердің құқығын бұзу фактілері болды. Біз әрине мәселенің анық-қанығына жетеміз" деді ол. Абдрахматованың сөзінше, оқиға жөніндегі материалдар құқық қорғау органдарына өткізілген.

4 қазан күні Талас қаласында елдегі парламент сайлауынан хабар таратып жатқан Азаттық радиосы Қырғыз редакциясының түсірілім тобына шабуыл жасалған: белгісіз бір әйел видеокамераны бір соғып, түсірілімді тоқтатуды талап еткен.

Ош қаласында белгісіз біреулер Kloop.kg жаңалық сайтының журналисі Хамидулло Узаковті шабуылдады. Бұл туралы редакцияның өзі хабарлады. Редакцияның айтуынша, белгісіз біреулер журналистің түсірілім жасауына кедергі келтірген: видеокамерасын тартып алмақ болған, телефонын белгілі бір уақытқа алып қойған.

4 қазан күні Қырғызстанда ел парламенті Жогорку кеңеш сайлауы өтті. Парламенттегі 120 мандатқа 16 партияның екі мыңға жуық үміткері таласты. Сайлау учаскелері таңғы 8.00 уақытында ашылып, 20.00 уақытында жабылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG