Accessibility links

ҰҚК экс-қызметкері трансгендер әйелді зорлады деген айыппен сотталды


Жәбірленуші тұтқын Виктория Берікқожаева сот отырысынан кейін. Алматы облысы Өтеген батыр ауылы, 6 наурыз 2020 жыл.

6 қазанда Алматы облысы Іле аудандық соты түрмедегі трансгендер әйел Виктория Берікқожаеваны зорлау ісі бойынша үкім шығарды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері С. А. "жыныстың зорлық-зомбылық жасады" және "азаптады" деген айыппен бес жарым жыл түрме жазасына кесілді.

Сот айыпталушыны мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және ҰҚК майор шенінен айырды.

Соттан кейін адвокат Айман Омарова Азаттыққа "жалпы сот шешімімен келісетінін", бірақ бес жарым жыл жаза аз екенін, сондықтан шағым түсіретінін айтты.

Жәбірленуші Виктория Берікқожаева сотқа үкім шыққан соң келді. Оны Алматы маңындағы Жауғашқы елдімекеніндегі түрмеден әкелді.

Айыпталушы сот залына келген жоқ, ол сот шешімін видеоконференция арқылы тыңдады. Сотқа оның адвокаттары қатысып, үкімнен соң бірден кетіп қалды. Азаттық олармен байланыса алмады.

Сотта куәгер болған Жанна Өмірова (Жауғаштыдағы түрмеде отырып шыққан Қапшағай тұрғыны) Азаттыққа сот үкімімен келіспейтінін, айыпталушының кінәсіз екенін айтады.

— Бір жыл бойы оның кінәсіз екені айтып күрестім. Түрмеге отырғызса отырғызар, күресімді жалғастыра беремін, — дейді ол.

29 қыркүйекте өткен жарыссөзде прокурор айыпталушыға 10 жыл соттауды сұраған. Сол кезде жәбірленуші прокурордың пікірімен толық келіскен. Ал айыпталушы жарыссөзде өзінің кінәсіз екенін айтып, соттан ақтауды сұраған.

Берікқожаеваны зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс 2019 жылы жазда қозғалған. Күзде "азаптау" айыбы да қосылды. Қазанда ҰҚК экс-қызметкері қамауға алынды.

Виктория Берікқожаева – трансгендер әйел. 2016 жылы ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен ұсталып бір жылдан соң жеті жылға сотталған. Ол кездегі құжатта ер адам деп көрсетілді, кейіннен дәрігер консультациясынан кейін бір-ақ оны әйелдер камерасына қамады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG