Accessibility links

Қырғызстан: Наразылар талабымен қамаудан шыққан Жапаровты премьерлікке ұсынды


Садыр Жапаров.
Садыр Жапаров.

6 қазанда кешке Бішкекте қонақ үйге жиналған бір топ депутат сейсенбі күні демонстранттар талабымен қамаудан шыққан Садыр Жапаровты премьер-министрлікке кандидат ретінде ұсынды. Оның алдында премьер-министр Кубатбек Бороновтың отставкаға кеткені хабарланған еді.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, қонақ үйдегі отырысқа нақты қанша депутаттың қатысқаны белгісіз. Жогорку Кенеш регламенті бойынша кворум болуы үшін 61 депутат қатысуы тиіс. Жиналғандар журналистерге отырыста қабылданған шешімдерді депутаттардың 64-і қолдады деп айтқанмен оған құжат түрінде дәлел көрсетпеген.

Бұған дейін осы топ Жогорку Кенеш төрағасы Дастанбек Жумабековтің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдап, жаңа спикер ретінде "Бир Бол" фракциясының депутаты Мыктыбек Абдылдаевты таңдаған.

Екі жыл бұрын 11,5 жылға сотталып, қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп келген Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Садыр Жапаров демонстранттар талабынан соң 6 қазанға қараған түні қамаудан босатылған еді. Ол 2013 жылы Караколда Құмтөр алтын кенішін мемлекет меншігіне қайтаруды талап етіп, митинг ұйымдастырды деп айыпталған. Сол кезде Ыстықкөл губернаторы Эмилбек Каптагаевты кепілдік ретінде ұстады деп те айыпталған.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, 5-6 қазан күнгі оқиғалардан кейін елде заңды билік дағдарыс туындаған. Әлі күнге дейін президент пен үкімет мүшелерінің қайда екенін ешкім білмейді. Кейбірі олардың Бішкекте екенін айтады. Кейбір сарапшылар Қырғызстан дағдарыстан шығу үшін әзірге таратылмаған Жогорку Кенешінің 4-шақырылымы депутаттарының кезектен тыс отырысын өткізу керек деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG