Accessibility links

Таулы Қарабақта атыс тоқтамады


Таулы Қарабақ. 4 қазан 2020 жыл.
Таулы Қарабақ. 4 қазан 2020 жыл.

Халықаралық қауымдастық Армения мен Әзербайжан күштерін Таулы Қарабақта қақтығысты тоқтатуға қайталап шақырғанмен екі тарап арасында әскери жанжал тоқтамады. Арменияның қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян 6 қазанда әзербайжан тарабы өзін республика деп жариялаған Таулы Қарабақ орталығы Степанакерт қаласын зымыранмен атқылады деп мәлімдеді. Степанян сонымен бірге әзербайжан күштері қақтығыс болып жатқан аумақтың оңтүстігіне әскери техника мен қосымша күш тартып, ірі шабуыл бастады деп мәлімдеді.

Ал Әзербайжан жағы армян әскерін бірнеше аймаққа шабуыл жасады деп айыптады.

27 қыркүйектен бері жалғасып жатқан қақтығыста шамамен 240 адам қаза болған. Арасында ондаған бейбіт тұрғын бар. Екі жақ әскери техника қолданып жатқандықтан қаза болғандар бұдан да көп болуы мүмкін. Тараптар бір-бірін бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады деп кінәлады.

Сарапшылар қақтығысқа аймақтағы державалар - Әзербайжанды ең жақын одақтас ел санайтын Түркия мен Армениямен қорғаныс саласында пакті жасасқан Ресей араласып, қақтығыс ауқымы зорайып кете ме деп қауіптенеді.

Әзербайжан мен Армения 1988 жылдан бері Таулы Қарабақ аймағы үшін жиі қақтығысып келеді. 1988-1994 жылы болған соғыстан 30 мыңдай адам қайтыс болып, жүздеген мың адам үйлерін тастап кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG