Accessibility links

Қырғызстан ұлттық банкі қаржы мекемелеріне кеңселерін ашпауға кеңес берді


Қырғызстан ұлттық банкі.
Қырғызстан ұлттық банкі.

Қырғызстан ұлттық банкі 7 қазанда банктер мен несие берумен айналысатын қаржылық мекемелерге елде саяси жағдай тұрақталғанға дейін кеңселерін ашпай тұруға кеңес берді. Ұлттық банк бір күн бұрын да осылай ескерткен.

Ұлттық банк бұл елдің қаржы секторының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, активтерді сақтап қалу үшін қажет деді.

Қазір ұлттық "Элкарт" төлем жүйесі қағаз ақшасыз қаржы операцияларын жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Бірақ тұрғындар ақша аудара алмайды.

Бішкек қалалық ішкі істер департаменті 7 қазан таңертең қалада жағдай тыныш екенін хабарлады. Милиция қалада жеке және мемлекет мүлкін қорғап, тәртіп сақтауға көмектестен қала тұрғындары мен кезекшілерге алғыс айтты.

Ақпарат бойынша, 7 қазанға қараған түні Бішкекте мыңдаған ерікті қоғам тәртібін сақтауға көмектескен. Олар қонақ үй, супермаркет, мемлекеттік мекемелер мен өзге де ірі нысандарды белгісіз топтардан қорғаған. Белсенділердің айтуынша, қалада түнде агрессия көрсеткен топтар мен нөмірсіз көліктер жүрген.

5-6 қазан күнгі оқиғалардан кейін Қырғызстанда заңды билік дағдарысы туындаған. Премьер-министр отставкаға кетті. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, 6 қазанда Жогорку кенешінің депутаттары екі жерде екі бөлек отырыс өткізген. Президент Сооронбай Жээнбеков пен үкімет мүшелері дүйсенбіден бері халық алдына шықпады. Олардың қайда екені белгісіз.

Наразылар талабынан кейін 6 қазанда орталық сайлау комиссиясы 4 қазан күнгі парламент сайлауының қорытындысын жойған. Кейбір сарапшылар Қырғызстан дағдарыстан шығу үшін әзірге таратылмаған Жогорку Кенешінің 4-шақырылымы депутаттарының кезектен тыс отырысын өткізу керек деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG