Accessibility links

Үндістанда Covid жұқтырғандар 7 миллионнан асты


Мумбайдағы еріктілер коронавируспен күрес науқаны аясында тұрғындардың тамыр соғысын өлшеп тұр. Көрнекі сурет.
Мумбайдағы еріктілер коронавируспен күрес науқаны аясында тұрғындардың тамыр соғысын өлшеп тұр. Көрнекі сурет.

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар бір күнде 74 383 адамға артып, жалпы саны 7 миллионнан асты. Тәулік ішінде 918 адам қайтыс болып, коронавирустан көз жұмғандар 108 334-ке жетті.

Reuters агенттінің жазуынша, елде вирус жұқтырғандар саны 1 миллионға 13 күн ішінде көбейген. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны бойынша Үндістан АҚШ-тан кейінгі екінші орында. АҚШ-ты коронавирусқа шалдыққандар 8 миллионға жақындады.

Үндістан коронавирус инфекциясы жұқтырғандар бойынша жаңа межеге жеткенімен, тәулік көрсеткіші біртіндеп төмендеп келеді. Reuters дерегіне қарағанда, ең жоғарғы көрсеткіш 12 қыркүйек күні тіркелген. Ол күні 97 894 адамның вирус жұқтырғаны расталған.

Ауруға шалдыққандар жөнінен Үндістаннан кейінгі орында тұрған Бразилияда вирус жұқтырғандар 5 миллионнан асты. Оның 150 мыңнан астамы қайтыс болды.

Әлемде Covid ауруына шалдыққандар 37 миллионнан асты. Оның 25,8 миллионы жазылған, 1 миллионнан астамы қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG