Accessibility links

Грозныйда атыс болып, жеті адам қаза тапты, арасында "Росгвардия" сарбаздары да бар


Грозный қаласы. Көрнекі сурет.
Грозный қаласы. Көрнекі сурет.

13 қазанда таңертең Грозный қаласының Октябрск ауданында атыс болып, жеті адам қаза тапқан. Арасында күштік құрылым өкілдері де бар. Билік "Росгвардия" мен полицияның арнайы операция өткізгенін хабарлады. Операция барысында қарсы тараптың оғынан төрт сарбаз мерт болған. Терроризммен күрес комитеті полицейлерге оқ атқандарды "қарақшылар" деп атады.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram-дағы парақшасында атыс кезінде "құқық қорғау органының екі қызметкері" қаза тапты деп жазды. Оның жазуынша, заңсыз қарулы топ Шешенстанға шетелден келген.

Сейсенбі күні таңертең теракт жайлы қоқан-лоқы сипатындағы хабарламаларға байланысты Грозныйдың Октябрск ауданында терроризммен күрес операциясы режимі енгізілген. Операция барысында қарулы топ өкілдері жер үйлерге жасырынған. Полиция олардан берілуін талап еткен кезде оқ жаудырған.

"Кавказ.Реалии" сайтының жазуынша, полицейлерге оқ атқан адамдар жасырынған үй кейінірек өртенген.

Бұл соңғы бірнеше күн ішінде Шешенстанда болған екінші арнайы операция. 11 қазанда Серновод ауданында заңсыз қарулы топқа мүше делінген екі адам атып өлтірілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG