Accessibility links

Қазақстанда коронавирустан бір күнде 9 адамның қайтыс болғаны анықталды


Коронавирустан қайтыс болғандардың зираты. Ақтөбе, 7 тамыз 2020 жыл.
Коронавирустан қайтыс болғандардың зираты. Ақтөбе, 7 тамыз 2020 жыл.

16 қазан күні Қазақстанда коронавирустан тағы 9 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Оның бесеуі – вирус жұқтырғаны Covid тестімен расталған науқас, төртеуі – қойылған коронавирус пневмониясына шалдыққан адам. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстан коронавирус жөнінде екі есеп жүргізіп отыр: бірі вирус жұқтырғаны Covid тестімен расталған науқастар жөнінде, екіншісі вирус жұқтырғаны Covid тестімен емес, ауру белгілері бойынша анықталғандар жөнінде. Біріншісін Covid, екіншісі коронавирус пневмониясы деп аталып жүр.

Өткен тәулікте Covid инфекциясы 100 адамнан, коронавирус пневмониясы 158 адамнан анықталды. Тәулік ішінде біріншісі бойынша 5 адамның, екіншісі бойынша 4 адамның қайтыс болғаны мәлім болды. Екеуін қосқанда бір күнде 9 адамның қайтыс болғаны анықталып отыр. Бұл – 13 қыркүйектен бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Ол күні 11 адамның қайтыс болғаны белгілі болған.

Ресми дерек бойынша, Covid тестімен расталған науқастар арасында 1788 адам қайтыс болған, коронавирус пневмониясы науқастары арасында 380 адам қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны Covid тестімен расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG