Accessibility links

Әзербайжанның Гянджа қаласында ракета шабуылынан 13 бейбіт тұрғын қаза тапты


Гянджа қаласындағы зымыран шабуылына ұшыраған үйдің қирандысынан тірі қалған адамдарды құтқару сәті. Әзербайжан, 17 қазан 2020 жыл.
Гянджа қаласындағы зымыран шабуылына ұшыраған үйдің қирандысынан тірі қалған адамдарды құтқару сәті. Әзербайжан, 17 қазан 2020 жыл.

17 қазан күні Әзербайжанның ең ірі екінші қаласы Гянджаның тұрғын үйлер орналасқан аумағына әскери зымыран түсіп, 13 адам қаза тапты және 50-ден астам адам жараланды. Бұл туралы елдің төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Азаттық радиосының Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай қызметі жергілікті тұрғындармен бірге қираған үйден тірі қалғандарды шығарып алуға тырысып жатыр. Кемі 20 үй зақымданған.

Дәл осы уақытта тағы бір шабуылы Мингячевир қаласына жасалды. "Бұл қалада үлкен су қоймасы бар" дейді Азаттық радиосының Әзербайжан қызметі. Келтірілген зақым туралы хабар тараған жоқ.

Зымыран шабуылдары Әзербайжан мен Армения арасында жаңа әскери шайқас өтіп жатыр деген хабардан санаулы сағаттан кейін жасалды. Екі елдің даулы Таулы Қарабақ үшін қақтығысы 27 қыркүйекте басталған.

Екі тарап бір-бірін Ресейдің қатысуымен жасалған бітімгершілік келісімін бұзды деп айыптап отыр.

Ондаған жылға созылған даудың қақтығысқа қайта ұласуы аймақтық шиеленіске айналып кетуі мүмкін деген алаңдаушылық бар. Түркия Әзербайжанды қолдайтынын мәлімдеді, Ресей Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында Арменияның территориясы тұтастығының кепілі болып отыр.

Таулы Қарабақ халықаралық деңгейде Әзербайжан территориясы саналады, бірақ онда негізінде этникалық армяндар тұрады. Аумақты 1994 жылдан бері Ереванның қолдауына ие армян сепаратистері бақылауында ұстап отыр.

Территорияның де-факто басшысы 16 қазан күні 29 сарбазының қаза тапқанын, 27 қыркүйектен бері барлығы 633 сарбаздан айырылғанын хабарлады.

Әзербайжан үкіметі әскерилері арасында қанша адамның қаза тапқанын айтпай отыр, бірақ Гянджаға жасалға зымыран шабуылына дейін 47 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG