Accessibility links

Зерттеу: Теріге түскен Covid вирусы тұмау вирусынан 5 есе ұзақ сақталады


Covid тестін тапсыруға келген әйелдің дене қызуын өлшеу. Көрнекі сурет.

Жапон ғалымдары теріге түскен Covid инфекциясы тоғыз сағатқа дейін белсенділігін жоғалтпайтынын анықтады. Бұл зерттеу инфекциядан сақтану үшін қолды жиі жуу керек екенін көрсетті дейді мамандар. Бұл туралы AFP (Agence France-Presse) хабарлады.

AFP агенттігінің жазуынша, зерттеу Оксфорд университетінің Clinical Infectious Diseases (Клиникалық инфекциялық аурулар) журналында жарияланған. Оған сәйкес, тұмау вирусы адам терісінде шамамен 1,8 сағат белсенді болады.

3 қазан күні жарияланған зерттеудің қорытындысында "SARS-CoV-2 (Covid ауруын тудыратын вирус) инфекциясының адам терісінде тоғыз сағат белсенді болуы IAV (A тұмау вирусы) инфекциясына қарағанда жұғу қаупі жоғары, осы арқылы ол пандемияның өршуін күшейтіп отыр. Қолдың гигиенасы SARS-CoV-2 инфекциясының тарауын тежеуде маңызды" делінген.

Авторлар қайтыс болғанына бір күн болған адамның терісін зерттеген. Олар коронавирустың да, тұмау вирусының да этанол қолданғанда 15 секундта жарамсыз күйге айналатынын анықтаған. Қолға арналған санитайзерлерде осы этанол қолданылады.

"SARS-CoV-2 инфекциясының теріде ұзақ уақыт белсенділігін жоймауы жұқтыру қаупін арттырады, бірақ қолдың гигиенасы қатерді азайта алады" делінген зерттеуде.

Зерттеу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолды жиі әрі тиянақты жуу туралы нұсқаулығын қуаттайды. Өткен жылдың соңында Қытайдан бастау алған коронавирус ауруы әлем бойынша 40 миллионға жуық адамнан анықталды. Оның 27,2 миллионы айықты, 1,1 миллионы қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG