Accessibility links

АҚШ-та Дональд Трамп оппоненттері марш өткізді


Де-Мойн әуежайында митинг өткізіп тұрған АҚШ президенті Дональд Трамп. Айова штаты, 14 қазан 2020 жыл.
Де-Мойн әуежайында митинг өткізіп тұрған АҚШ президенті Дональд Трамп. Айова штаты, 14 қазан 2020 жыл.

18 қазанда АҚШ-та қазіргі президент Дональд Трампқа қарсы наразылық акциясы өтті. Елдің барлық өңірін қамтыған акцияға 100 мыңнан астам адам қатысты деп айтылады. Басым бөлігі - әйелдер.

Вашингтонда Ақ үй маңынан басталған шеруге қатысушылар Капитолий мен жоғарғы сот ғимаратына қарай жылжыған. "Америка дауысы" сайтының хабарлауынша, ұлттық парк қызметі 6-10 мың адам қатысатын митинг өткізуге рұқсат берген. AFP агенттігінің жазуынша, алдыңғы жылдармен салыстырғанда биыл наразылыққа пандемияға байланысты аз адам жиналған.

Президент сайлауы қарсаңында өтіп отырған наразылық шарасы 2017 жылы Трамп инаугурациясынан кейін болған "Әйелдер маршынан" бастау алады. Оған әртүрлі ақпарат бойынша, 3 миллионға дейін адам қатысқан деп айтылады. Наразылар Ақ үй басшысының әйелдің ар-намысын қорлап, алалайтын сөз айтқанын сынап, айыптаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG