Accessibility links

Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауына 15,3 млрд теңге бөлінеді


Сайлау учаскесінде дауыс беріп жатқан сайлаушы. Көрнекі сурет.
Сайлау учаскесінде дауыс беріп жатқан сайлаушы. Көрнекі сурет.

Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауын өткізу үшін бюджеттен 15,3 млрд теңге қаражат бөлінеді: 4,5 миллиарды 2021 жылға арналған бюджеттен алынады. Сәрсенбі күні орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде комиссия мүшесі Сәбила Мустафина осылай деп мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда әзірге үкіметке 10,8 млрд теңгенің сметасы таныстырылған. Қаражаттың негізгі бөлігі (7,3 млрд теңге) 10 061 сайлау комиссиясындағы 70 681 қызметкердің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Қалған 3,5 млрд теңге сайлау комиссиясын ұйымдастыру, атап айтқанда бюллетень, полиграфия және өзге де өнімдерді дайындауға, сайлау кампаниясын жарнамалауға жұмсалады.

Ол сонымен бірге карантин ережелерін сақтау үшін 341,4 млн теңге жұмсалатынын, оған сайлау комиссиясының мүшелеріне қажет қорғаныш құралдары сатып алынатынын айтты.

Қазақстанда парламент және мәслихат сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Қазіргі мәжіліс депутаттарының өкілеті 2021 жылы наурыз айында аяқталады. Қазіргі мәжілісте бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың партиясына мүше 84 депутат отыр. Парламентте сонымен бірге екі билікшіл - "Ақ жол" және Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы мүшелері бар. 107 депутаттың 98-і - партиялық тізім бойынша, тоғызы Қазақстан халқы ассемблеясы атынан сайланады.

Қазақстанда 1995 жылы Конституция қабылданып, екі палаталы парламент құрылғалы бері елде бірде-бір мәжіліс сайлауы уақытында өткен жоқ.

Қазан айының басында тәуелсіз бақылаушылар мен азаматтық белсенділер парламент сайлауы өткенге дейін елде аралас сайлау жүйесін енгізуді сұраған. Алматыда өткен баспасөз жиынында белсенді Ақмарал Қамбарқызы Қазақстанда ресми түрде тіркелген алты саяси партияға мүше емес азаматтар көп, олар тәуелсіз кандидат ретінде парламент сайлауына түскісі келеді деп айтқан.

Қарай отырыңыз: Тоқаевқа талап. Парламент сайлауы жақындағанда белсенділер билікке талап айтты (7 қазан 2020 жыл).

Тоқаевқа талап. Парламент сайлауы жақындағанда белсенділер билікке үндеу жасады
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:10 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG