Accessibility links

АҚШ Қытайдың алты ақпарат құралын "шетел өкілдігі" ретінде таныды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.

АҚШ-та Қытайдың алты ақпарат құралына "шетел өкілдігі" статусы берілді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұл ақпарат құралдарын шетел үкіметі бақылайды деп мәлімдеді.

Дегенмен Помпео нақты қай ақпарат құралдарының тізімге енгенін айтпаған. Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік департамент шешімі бұл ақпарат құралдарының АҚШ аумағында медиа өнім шығаруына кедергі келтірмейді. Reuters агенттігінің жазуынша, Вашингтон АҚШ-та Қытай белсенділігін тежеу мақсатында осындай қадамға барып отыр.

Помпео сонымен бірге жұма күні АҚШ Еуроодақпен Қытай мәселесін талқылайтынын айтты.

Биыл ақпан айында АҚШ Қытайдың бес ақпарат құралы: Синьхуа агенттігі, CCTV телеарнасы, "Халықаралық Қытай радиосы", China Daily Distribution Corporation және Hai Tian Development USA медиакомпанияларын "шетел агенті" деп атаған. Вашингтон шешімі ақпарат құралдарының жұмысына әсер етпейді, бірақ жаңа қызметкерлер жалдаған кезде немесе жаңа мүлік алу үшін Америка билігінен рұқсат сұрауды міндеттейді.

Қытай бұған жауап ретінде The New York Times, The Wall Street Journal және The Washington Post тілшілерінің аккредитациясын қайтарған. Бұған қоса, Пекин "Америка дауысы" және Time журналының жұмысына шектеу қойды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG