Accessibility links

Түрмедегі Гүлнара Каримованың денсаулығы нашарлады деп хабарланды


Гүлнара Каримова.
Гүлнара Каримова.

Өзбекстандағы Зангиот колониясында жазасын өтеп жатқан бұрынғы президенттің қызы Гүлнара Каримованың денсаулығы соңғы күндері айтарлықтай нашарлаған. Бұл ақпаратты Гүлнара Каримованың қызы Иман Каримованың Инстаграм парақшасындағы жазбасына сүйенген Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

Иман Каримованың жазуынша, пневмония диагнозы қойылған анасы қазір колонияның санитарлық бөлімінде жатыр.

"Оған медициналық көмек көрсетпейді, коронавирус тестінен өтуге рұқсат бермейді, емдеу үшін дәрі-дәрмек, аппараттар беруге де тыйым салынған" деп жазды Иман.

iman.k17 логинімен жазып жүрген пост авторы "бұл қазіргі президент Шавкат Мирзияевтің саяси қарсыласы - бұрынғы президенттің қызынан құтылу амалы" деп қазіргі билікті кінәлаған.

48 жастағы Гүлнара Каримова "мемлекет мүлкін жымқырды", "салық төлеуден жалтарды" және өзге де қаржылық қылмыстар жасады деп айыпталып, ұзақ жылдарға сотталған. Соңғы рет Каримоваға үкім 2020 жылы 18 наурызда шыққан. Ол кезде қылмыстық істер жөніндегі Ташкент қалалық соты Каримованы 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды.

Тергеу органдарының мәліметінше, Каримова 51,1 млрд сом (шамамен 5 млн АҚШ доллары) активі бар ұйымдасқан қылмыстық топты 12 жыл басқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG