Accessibility links

Сирияда Ресей әскерилері исламистер лагерін бомбалады


Идлиб провинциясы.
Идлиб провинциясы.

Сирияның солтүстік-батысында Ресей әскерилерінің әуе соққысынан кемінде 78 исламист-сарбаз қаза тапты, шамамен 100 адам жараланды. 26 қазанда Адам құқығын бұзуды бақылау жөніндегі орталық мәліметіне сүйенген "Неміс толқыны" осылай деп хабарлады.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, жараланған науқастардың көбінің жағдайы ауыр, әуе шабуылынан зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Ресей ұшақтары "Файлак аш-Шам" исламистер тобының әскери оқу-жаттығу лагеріне соққы берген. Лагерь Түркиямен шекараға жақын жердегі Идлиб провинциясында шоғырланған. Лагерьде дайындықтан өткен сарбаздардың бір бөлігі жақын арада ол жақтан кетуі тиіс болған еді.

2019 жылдың басында Асад әскері Ресей қолдауымен Идлиб провинциясында ірі шабуыл бастаған, олар провинцияны Дамаск бақылауына қайтаруды көздеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG