Accessibility links

Армения мен Әзербайжан атысты тоқтату режимін бұзды деп бір-бірін тағы айыптады


Таулы Қарабақ.
Таулы Қарабақ.

Армения мен Әзербайжан Таулы Қарабақ бойынша тараптарды татуластыруға бағытталған АҚШ араласуымен жасалған келісімнің бұзылғанын мәлімдеп, бір-бірін кінәлады.

“Халықаралық қауымдастықтың, осы жолы АҚШ араласуымен жасалған, атысты тоқтату бойынша талпынысы сәтсіздіке ұшырады. Әзербайжан тарабы бүгін Арцахты атқылап, соның кесірінен ондағы бейбіт тұрғындар қаза тапты, жараланды” деп жазды Армения премьер-министрі Никол Пашинян 27 қазанда Twitter желісінде.

Ал Әзербайжанның қорғаныс министрі 27 қазанда Армения гуманитарлық келісім шарттарын орындамады деп Ереванды айыптады.

“Армян күштері 26 қазанда күндіз және 27 қазанға қараған түні майданның түрлі аумағында шоғырланған әзербайжан әскерінің бекіністерін түрлі қарумен атқылады. Негізінен Ходжавенд, Физули және Губадлы (Кубатлы) аумақтарында соғыс жүріп жатыр” деді.

Министр мәлімдемеде әзербайжан күштерінің армян күштеріне тойтарыс бергенін жазған.

  • Армения мен Әзербайжан арасында Таулы Қарабақ үшін қақтығыс 27 қыркүйекте қайта күшейді. Әзербайжан аумағында орналасқан, бірақ этникалық армяндар тұратын Таулы Қарабақ 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған. Бірақ әлем елдері Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін мойындамады. Ереван мен Баку кейінгі аптада жағдайды ушықтырды деп айыптаған. Екі жақтан да қаза тапқандар бар. Қақтығыстан ондаған бейбіт тұрғын қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG