Accessibility links

Қырғызстан ОСК мүшесі: Сапаров кетсе, президент міндетін парламент спикері атқара алады


Садыр Жапаров. Сурет Facebook-тағы парақшасынан алынған.

Қырғызстан президенті міндетін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаров сайлауға байланысты қызметінен кетсе, премьер-министр қызметі вице-премьерге жүктелуі мүмкін.

27 қазанда орталық сайлау комиссиясының мүшесі Кайрат Осмоналиев Азаттықтың Қырғыз қызметіне осылай деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, президент міндетін Жогорку кеңеш төрағасы атқаруы мүмкін.

"Конституциялық заңда мемлекет басшысының міндетін атқарған тұлға қызметтен кеткен жағдайда қалай болуы тиіс екені нақты көрсетілмеген. Алайда Конституция бойынша егер президент сайлауға түскісі келсе, онда ол қызметінен бас тартуы тиіс, ал оның міндеті парламент спикеріне жүктеледі, егер ол бас тартса үкімет жетекшісіне жүктеледі. Осыған дейін Жогорку кеңеш төрағасы мемлекет басшысы міндетін атқара алмайтынын мәлімдеген. Бірақ егер ол сайлау алдында президент міндетін атқара алатынын айтса, онда бұл міндет соған жүктеледі" деді ол.

16 қазанда Жогорку кеңеш спикері ретінде "Кыргызстан" фракциясының жетекшісі Канатбек Исаев сайланған. Ал премьер-министрдің орынбасары қызметін Алексей Новиков атқарып жүр. Ол да бұл қызметке 16 қазанда сайланған.

6 қазанға қараған түні демонстранттар талабымен түрмеден босатылған Садыр Жапаров әуелі премьер-министр қызметін атқарған, кейінірек Сооронбай Жээнбеков отставкасынан кейін президент міндетін атқаруға көшкен.

Жапаров президент сайлауына қатысқысы келетінін 25 қазанда мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG