Accessibility links

Трамп штабы сайлауалды кампаниясының сайтына хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлады


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының сайтына белгісіз хакерлер шабуыл жасады. Бұл ақпаратты Дональд Трамп кампаниясының өкілі хабарлады.

Шабуылды ұйымдастырушылар сайлауалды кампанияның парақшасын басқару тетігіне қол жеткізген. Соның кесірінен Трамп сайтына кірген қолданушылар сайттың бұзылғаны жайлы ақпаратты көрген.

"Әлем президент Дональд Трамп күн сайын тарататын өтірік жаңалықтардан әбден мезі болды. Әлемге шындықты білетін мезгіл жетті" деп жазды хакерлер.

Штаб өкілдерінің айтуынша, ақпарат серверде сақталмағандықтан хакерлер жеке мәліметке қол жеткізе алмаған.

Кейінірек сайт жұмысы қалпына келді. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

АҚШ-та президент сайлауы қарсаңында америкалық мекемелер бірнеше рет кибершабуыл жасалғанына шағымданған. Жақында федералдық тергеу бюросы (ФБР) шабуылдардың біріне Ресей билігін қолдайтын хакерлердің қатысы бар деп мәлімдеген. Мәскеу айыпты бірнеше рет жоққа шығарған.

АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG