Accessibility links

Бір топ белсенді әйел билікке наразылық ретінде басын тақырлады


"Қазақстан деген түрмеде тұрамыз". Белсенді әйелдер билікке қарсылық ретінде басын тақырлады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00

Әлеуметтік желіде бір топ белсенді әйелдің наразылық видеосы тарады. Онда олар өздерінің "сайлау құқығы жоқ, ертеңгі күнге сенім жоқ, шындықты – экстремизм деп таныған" Қазақстан атты түрмеде тұратынын мәлімдейді.

"Күш құрылымдарының бассыздығы" мен Қазақстан қылмыстық кодексіндегі 405-бабына (Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу) қарсылық ретінде белсенділер Айя Садуақасова, Нұргүл Калуова, Анар Қалиева, Анар Ибрагимова, Кербез Егінбаева және Ракиля Бекназарова камера алдында шаштарын тақырлап алып тастаған.

Наразы әйелдердің бірі Анар Қалиева бұл әрекетке шарасыздықтан барғанын айтты.

– Мен саясатқа араласқан адам емеспін. Балаларымның қамымен жүрген қарапайым адаммын. Бірақ Дулат Ағаділдің өлімінен кейін намысым келді. Біздің елде неге бұлай болып жатыр деп көп ойландым. Наразылыққа да шықтым. Бірақ сол пікірімді айтқаным үшін айыппұл да салды, 10 тәулікке де қамады. Бұл видео арқылы қоғамды оятып, халықаралық қауымдастықтың біздің елдегі заңсыздықтарға назарын аудартқымыз келді, – дейді Анар Қалиева.

Видео Instagram және Facebook секілді желілерде тарады.

Әйелдердің наразылық акциясы Алматы қаласында билік мақұлдаған митингімен тұспа-тұс келді. 31 қазан күні қалада Liberty қорының президенті, құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов пен "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның ұйымдастыруымен саяси реформа мен саяси тұтқындарды босатуды талап еткен митинг өтті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG