Accessibility links

Ұлыбритания бір ай қатаң локдаун енгізеді


Лондондағы Оксфорд көшесін кесіп өтіп бара жатқан әйел. Лондон. Ұлыбритания, 24 наурыз, 2020
Лондондағы Оксфорд көшесін кесіп өтіп бара жатқан әйел. Лондон. Ұлыбритания, 24 наурыз, 2020

Басқа Еуропа елдерінің ізін ала Ұлыбритания да елде қатаң локдаун жариялады. Мұны 31 қазанда премьер-министр Борис Джонсон айтты. Бүкіл ел аумағындағы азаматтар толық оқшауланып, үйінде қалуы керек, сыртқа тек "аса қажет жағдайда" ғана шығуға рұқсат беріледі. Мұндай жағдайлар қатарына ең қажет заттарды сатып алу, көмекке мұқтаж кісіге жәрдемдесу, мектепке, дәрігерге, жұмысқа бару және далала жаттығу жасау жатады.

Негізгі дүкендер, мектептер мен университеттер ашық болады, бірақ пабтар мен мейрамханалар тек тамақты алып кетуге рұқсат береді. "Аса қажеті жоқ" тауар сататын сауда орындары жабылады.

Еуропада Covid-тен ең көп көз жұмған адам Ұлыбританияда тіркелген. Мұнда бұл дерттен 46 мыңға жуық адам қайтыс болған. Оның үстіне, елде күн сайын коронавирус жұқтырған 20 мыңнан астам адам тіркеліп жатыр. Ресми тұлғалар бұл – денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына ерекше салмақ түсіретін көрсеткіш дейді.

Коронавирус инфекциясы жылдам тарала бастаған соң мұның алдында Франция, Германия, Бельгия, Чехия және Еуропаның басқа елдері қатаң шектеу шараларын қолға алған.

31 қазанда Португалия мен Австрия да жартылай шектеу шараларын енгізетінін хабарлады. Грекия да 2 қарашадан бастап қайта карантин енгізбек.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG