Accessibility links

Қазақстанда коронавирустан тағы 5 адам қайтыс болды


Коронавирусты анықтайтын зертхана мамандары.
Коронавирусты анықтайтын зертхана мамандары.

1 қараша күні Қазақстанда 41 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Бір күнде 32 адам жазылған. Тәулік ішінде аурудың осы түрі бойынша адам өлімі тіркелмеген.

Қазақстан билігі ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Үкімет дерегінше, тамыздың басынан 1 қарашаға дейін 38 003 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған: 28 819 адам жазылған, 401-і қайтыс болған.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған науқастар арасында 5 адам өлімі тіркелген. 13 наурыз бен 1 қараша аралығында 112 860 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған, 1857-і қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір коронавирус пневмониясынан 4 489 адам емделіп жатыр. Оның 2 420-сі стационарда, 2069-ы амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жатыр. 150 науқастың ахуалы нашар, 15 адамның жағдайы - өте ауыр, 22 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Қазақстан коронавирус пневмониясы есебін жүргізгенімен, оны Covid жөніндегі ұлттық статистикаға қоспай отыр. Вирус жұқтырғандардың дүниежүзілік картасында әдетте Қазақстанның ресми дерегі көрсетіліп, коронавирус пневмониясының сандары айтылмайды. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның екі дерегін біріктіріп көрсетіп отыр. Екі деректі қосқанда Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар 150 863 адам болып шығады.

Covid өлімі статистикасына коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG