Accessibility links

Қырғызстан қаржы полициясы: Қытайға 180 млн доллар ақшаны заңсыз жеткізген топ анықталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі Қытайға ақшаны заңсыз жеткізген қылмыстық топ анықталғанын хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 180 миллион доллардан астам қаражат "тауар құнын өтеу" ретінде елден шығарылған.

Тергеу органдары қылмыстық топ әрекетінің кесірінен мемлекет бюджетіне 1 млрд 100 млн сом көлемінде шығын келгенін айтады.

Қытай аумағына ақша тасымалдаумен тікелей айналысты деп күдікке ілінген ер адам ұсталған.

"Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, жоғарыда айтылған схемаға қатысы бар лауазымды тұлғалар мен ақшаның қайдан ұрланғаны анықталып жатыр" делінген баспасөз хабарламасында.

Қаржы полициясы іске байланысты басқа мәлімет бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG