Accessibility links

ИМ-нің Кабул университетіне жасаған шабуылынан кемінде 22 адам қаза болды


Кабул университетінің студенттер қалашығы аумағында жүрген қауіпсіздік күштері. Кабул, 2 қараша 2020 жыл.
Кабул университетінің студенттер қалашығы аумағында жүрген қауіпсіздік күштері. Кабул, 2 қараша 2020 жыл.

Қарулы экстремистердің Кабул университетінің студенттер қалашығына жасаған шабуылынан кемінде 22 адам қаза болды. Шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алды.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Тарик Арианның айтуынша, шабуылдаушылардың бәрі де (3 адам) қауіпсіздік күштерімен атыс кезінде атып өлтірілген. Денсаулық сақтау министрлігі 22 адамның жарақаттанғанын айтты. Олардың басым бөлігі - студенттер.

Университет аумағында шамамен 5 сағатқа созылған атыс кезінде гранатаның жарылғаны тұрақты түрде естілген.

Дүйсенбі күні қалашықта өтеді деп жоспарланған Иран кітаптары жәрмеңкесінің ашылуына үкіметтен жоғары лауазымды шенеуніктер келуі тиіс болған. Шабуыл шенеуніктер келетін кезде басталған.

Бірнеше сағаттан кейін Telegram арнасында хабарлама таратқан ИМ шабуылдың басты нысанасы - университет түлектері яғни, болашақ судьялар мен тергеушілер болғанын хабарлаған.

ИМ Ауғанстандағы білім мекемелеріне жиі шабуыл ұйымдастырады. Өткен айда Кабулдағы білім орталығына шабуыл жасалып, 24 адам қаза болды. 2018 жылы Кабул университетінің ғимаратына жасалған шабуылдан ондаған адам мерт болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG