Accessibility links

"Екеуін қудық, біреуін қамадық". Жапаров Жээнбековке экс-президент мәртебесін берді


Сооронбай Жээнбеков (оң жақта) президент қызметінен кетпей тұрған кез. Оның отставкасынан кейін билік Сапар Жапаровқа (сол жақта) өтті. Бішкек, 16 қазан 2020 жыл.
Сооронбай Жээнбеков (оң жақта) президент қызметінен кетпей тұрған кез. Оның отставкасынан кейін билік Сапар Жапаровқа (сол жақта) өтті. Бішкек, 16 қазан 2020 жыл.

3 қарашада Ош тұрғындарымен кездесу кезінде Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Сапар Жапаров Сооронбай Жээнбековке экс-президент мәртебесін бергенін хабарлады. Оның сөзіне қарағанда бұған қарсылар да болған.

"Қарсылар болды. Бірақ мен бар жауапкершілікті мойныма алып, мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойдым. Себебі, 30 жыл ішінде бізде экс-президент қалмаған екен: екеуін қудық, біреуін қамадық. Егер біз Сооронбай Жээнбековті де қусақ немесе түрмеге отырғызсақ, онда бұл теріс құбылыс қайталана бере ме деп ойлаймын" дейді Жапаров.

Қырғызстан Конституциясының 69-бабына сәйкес, мемлекет басшысы өз еркімен қызметінен кетсе, автоматты түрде экс-президент мәртебесі беріледі.

2019 жылы Жогорку кеңеш елді 2011-2017 жылдары басқарған Алмазбек Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырған еді. Бұл оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Бірнеше бап бойынша айыпталып, сотталған Атамбаев қазір түрмеде қамауда отыр.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков қазан айында парламент сайлауынан кейін туындаған наразылық акциялары жалғасып жатқан шақта қызметінен кеткен еді. Елде экс-президент мәртебесі 2010 жылғы революциядан кейін ауыспалы кезеңде президент болған Роза Отунбаевада да бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG