Accessibility links

Қырғызстан: Талант Мамытов Жогорку кеңеш спикері болып сайланды


Талант Мамытов.
Талант Мамытов.

Жогорку кеңеш депутаттары 4 қараша күнгі отырыста "Республика - Ата-Журт" парламенттік фракциясының мүшесі Талант Мамытовты парламент спикері ретінде сайлады.

Дауыс беруге 101 депутат қатысып, 100 депутат Мамытовтың кандидатурасын қолдаған.

Осыған дейін "Кыргызстан" фракциясының жетекшісі Канатбек Исаев президент сайлауына қатысқысы келетінін айтып, спикер қызметінен бас тартқан еді. Сәрсенбілік отырыс кезінде "Республика - Ата-Журт" парламенттік фракциясы спикер қызметіне Талант Мамытовты ұсынған. Жекелеген депутаттар өзге партияларға да ұсыныс жасау мүмкіндігін беру қажет деп айтқан. Алайда кейінірек Мамытов фракция жетекшілеріне өз кандидатурасын мақұлдағаны үшін алғыс айтқан.

Жогорку кеңештің 5-шақырылымындағы депутат, "Ата-Журт" фракциясының мүшесі Талант Мамытовты президент міндетін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаров пен Камчыбек Ташиевтің жақын серігі деп атайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG