Accessibility links

Қарағанды облысында коронавирусты қайталап жұқтыру фактісі тіркелді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус инфекциясының бір адамға қайталап жұғу фактісі болғанын растады. Оқиға Қарағанды облысында болған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте санитарлық-эпидемиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты.

"Қарағандыда қайталап жұғу оқиғасы шынымен болды. Бір кісіде коронавирус маусым айында, содан соң қазан айының соңында тіркелді. Аурудың тиісті клиникалық белгілері де болған" деді Есмағамбетова. Оның бұл сөзін Vlast.kz сайты жариялады.

Есмағамбетова Батыс Қазақстан облысында Covid қайталап жұққан жағдай болды деген ақпаратты жоққа шығарды. Бүгін жергілікті ақпарат құралдары аймақтың бір тұрғыны алдымен сәуірде, содан соң тамызда коронавируспен сырқаттаныпты деген ақпарат жариялаған. Бұл деректі Батыс Қазақстан облыстық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова берді делінген. "Қазір бұл жайтты [коронавирустың] қайталануы ретінде қарастырмаймыз" деді Есмағамбетова.

Қазақстанның кей өңірлерінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсіп, құзырлы органдар карантин шектеулерін күшейте бастады.

Тамыздың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты қайталап жұқтыру фактілері туралы ақпаратқа пікір айта келе "мұндай жағдайлардың үнемі кездесу ықтималдығы төмен" деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG