Accessibility links

Мичиган және Джорджия соты Трамп штабының өтінішін қанағаттандырмады


Сайлау учаскесі қызметкерлері дауыс санап жатыр. Детройт штаты, АҚШ.
Сайлау учаскесі қызметкерлері дауыс санап жатыр. Детройт штаты, АҚШ.

АҚШ-та Мичиган және Джорджия штатының соты Дональд Трамп штабының сайлаудағы заңбұзушылықтарға қатысты жазған өтінішін қанағаттандырмады.

Судьялар штаб өкілдерінде өтініштің растығын дәлелдейтін айғақ болмағандықтан арыздарын кері қайтарған.

3 қараша күнгі сайлауда заңбұзушылық болды деп мәлімдеп, бірақ дәлел келтірмеген Трамп штабының өкілдері демократ Джо Байден алға озуы мүмкін делінген штаттарда дауыс санауды тоқтатуды талап еткен еді.

Осыған дейін Невадада дауыс санау тоқтатылғаны хабарланды.

Трамп штабы өкілдерінің мәлімдеуінше, Джорджияда кешігіп түскен 53 бюллетень 3 қарашаға дейін келген өзге бюллетендермен араласып кеткен.

Көптеген штаттарда сайлау күні өткеннен кейін де пошта арқылы келіп түскен бюллетеньдерді қабылдауға рұқсат етілген. Тек хат 3 қарашада жіберілген болуы керек.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG