Accessibility links

Ресейде оқитын қырғыз студенттері Бішкекте пикет өткізді


1755 жылы негізі қаланған Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аудиториясы. Көрнекі сурет.
1755 жылы негізі қаланған Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аудиториясы. Көрнекі сурет.

6 қарашада Ресейдің Санкт-Петербург, Пенза, Казань, Новосибирск, Мәскеу қалаларының жоғары оқу орындарында оқитын қырғызстандық бірнеше студент Бішкекте пикет өткізді.

Олар сыртқы істер министрлігінің алдына барып, Ресейде оқитын қырғыз студенттері үшін сол жаққа ұшатын чартерлік рейс ұйымдастыруды сұрады. Емтиханға қатыспаса, оқудан шығарылуы мүмкін екенін айтқан студенттер бір жылдық оқу бағасын (100 мың рубль) да төлеп қойғанын жеткізді.

Олар министрлікке жазбаша талаптарын да тапсырды. Студенттер елде өздері сияқты тағы 200 адамның оқуға бара алмай, қиналып отырғанын да атап өтті.

Қырғызстан азаматтық авиация жөніндегі агенттік 4 қарашада баспасөз жиынын өткізіп, коронавирустың кесірінен халықаралық бағыт бойынша ұшатын ұшақтарға талап күшейгенін айтып, әзірге студенттерге басқа жаққа баруға рұқсат етілмегенін мәлімдеген. Қазір әлемнің көптеген елінде ЖОО студенттері онлайн түрде білім алып жатыр.

Осыған дейін Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстанда оқитын бірқатар студенттер оқу сапасының төмендегенін айтып, Ресей билігінен сол жаққа барып оқуға мүмкіндік беруді сұраған еді. Ресей билігі қыркүйек айында мәселені қарауға уәде бергенмен ізінше елде коронавирус ахуалы ушығып кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG