6 қарашада бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 613 адам, "коронавирус инфекциясының белгілері бар" пневмониямен ауырған 161 адам тіркелді. Бұл жөнінде коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Covid диагнозы ПТР тестімен расталған науқас саны тәулік сайын артып барады. 5 қарашада республикада коронавирус расталған 591 кісі, 4 қарашада – 494, 3 қарашада – 432 кісі тіркелген еді.
Бір тәулікте пневмониядан 2 адам қайтыс болған.
Коронавирус инфекциясы Шығыс Қазақстан облысында өршіп тұр. Мұнда бір тәулікте 253, Павлодар облысында – 64, Нұр-Сұлтанда – 45, Батыс Қазақстан облысында – 44, Ақмола облысында – 38, Алматы қаласында – 32 науқас тіркелді.
Өткен тәулікте инфекциядан 191 адам жазылған.
Ресми дерек бойынша, жалпы Қазақстанда Covid жұқтырғандар саны 115 439 адамға жетті, оның 107 530-ы жазылып шықты.
ПІКІРЛЕР