Accessibility links

Тбилисиде ОСК басшысының отставкасын талап еткен наразылар мен полиция қақтығысып қалды


Орталық сайлау комиссиясының ғимараты. Тбилиси, 8 қараша 2020 жыл.
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты. Тбилиси, 8 қараша 2020 жыл.

Жексенбі күні кешке Грузия астанасы Тбилисиде демонстранттар полициямен қақтығысып қалды. Құқық қорғау қызметкерлері орталық сайлау комиссиясы (ОСК) ғимараты алдына жиналған оппозиция жақтастарына су шашып, кейбір ақпарат бойынша, көзден жас ағызатын газ қолданған. Наразылар ОСК басшысының отставкаға кетуін және парламент сайлауын қайта өткізуді талап етіп отыр.

Полиция демонстранттар ғимараттың ішіне басып кірмек болғандықтан күш қолдануға мәжбүр болғанын айтып отыр. Бірақ газ қолданғанын жоққа шығарады.

31 қазанда өткен парламент сайлауында ресми мәлімет бойынша, басқарушы "Грузия арманы" партиясы жеңіске жеткен. Михаил Саакашвилидің Біртұтас ұлттық қозғалысы бастаған оппозиция сайлау нәтижесі бұрмаланды деп санайды. Олар жаңа парламенттегі мандаттарынан бас тартатынын да айтады.

Жексенбі күні күндіз мыңдаған адам жиналған митингіде оппозиция жетекшілері ОСК-ға "ультиматум" қойып, кешке дейін талаптарын орындауға уақыт берген. Алайда бұл талабы орындалған жоқ. Осыдан соң демонстранттар ОСК ғимаратына қарай жылжыған еді. Ол жақта наразыларды полиция "қарсы алды".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG