Accessibility links

Moderna: Covid екпесі коронавирустан 94,5% қорғай алатынын көрсетті


16 қарашада америкалық Moderna компниясы сынақтан өтіп жатқан коронавирус вакцинасы Covid індетінен 94,5 пайыз қорғай алатынын көрсеткенін мәлімдеді. Moderna екпесі – сынақтың үшінші кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен екінші вакцина.

Осыған дейін америкалық Pfizer және германиялы0 BioNTech дайындап жатқан вакцина сынақтың үшінші кезеңінде вирустан 90 пайыз қорғай алатынын көрсеткен.

"Жақында бізде Covid-19 індетін тоқтататын вакцина болады" деді Moderna президенті Стефан Хоге Reuters агенттігіне.

Reuters агенттігінің жазуынша, АҚШ желтоқсанда екі бірдей вакцинаны (60 млн доза) төтенше жағдайда қолдануға рұқсат беруі мүмкін. Ал вакцинаны бүкіл әлем қолдану үшін екі вакцинаның сынақ кезеңі толық аяқталып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастаған ұйымдар мақұлдау керек.

Moderna екпесінің сынағаны 30 мыңдай адам қатысқан. Компанияның мәлімдеуінше, сынақ кезінде вакцина Covid дертінің ауыр түрінен де қорғайтыны анықталған.

Moderna екпесін өте суық тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ. Бұл - Moderna екпесінің Pfizer вакцинасынан басты айырмашылығы. Moderna вакцинасы 2-8 градус температурада 30 күндей, ал -20 градуста алты айдай сақталады. Ал Pfizer вакцинасын сақтау үшін -70 градус температура қажет.

Қазір әлемде тағы коронавирусқа қарсы он шақты вакцина сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр.

Moderna мен Pfizer вакцинасының нәтижесі әлемде коронавирус өршіп, жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны өсіп жатқан тұста белгілі болды. Қазір әлемде 54 миллион адамнан коронавирус анықталып, 1,3 миллион көз жұмды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG