Accessibility links

Оралдық белсенді митингіге рұқсат бермеген әкімдікті сотқа берді


Оралдық белсенді Бауыржан Әліпқалиев.
Оралдық белсенді Бауыржан Әліпқалиев.

Оралдық белсенді Бауыржан Әліпқалиев бейбіт митинг өткізуге рұқсат бермеген Орал әкімдігінің үстінен азаматтық сотқа шағым түсірді.

17 қарашада өткен сот отырысында белсенді Орал қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бейбіт митинг өткізуге рұқсат бермегенін заңсыз деп тануды сұрады.

– Әкімдіктің рұқсат бермегені президенттің еститін үкімет жолдауын бұзу деп санаймын. Президент айтады, бірақ жергілікті әкімдіктегілер мемлекет басшысының жолдауын сақтамайды деген сөз ғой. Әкімдікке мұндай жұмысшылар керек пе дегенді көтеру керек, - деді белсенді сотта.

Судья Әбілкаримованың сұрағына жауап берген жергілікті әкімдіктің өкілі облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына байланысты митингіге рұқсат берілмегенін айтты. Сөзінше, карантин кезінде облыста бейбіт шаралар өткізуге тыйым салынған.

Ал шағымданушы тараптың өкілі, құқық қорғаушы Павел Кочетов әкімдіктің құжатында елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы келтірілгенін айтты.

Белсенді Әліпқалиев 23 қазан күні митинг өткізбек болып, әкімдікке өтініш жазған. Бірақ жергілікті билік шараға рұқсат бермеген. Осыдан соң белсенді сотқа шағымданған. Оралдық белсенділер бейбіт митинг өткізуге төрт рет рұқсат ала алмады. Әкімдік басында митинг өткізетін жер дұрыс көрсетілмеген десе, кейін карантин шараларын алға тартты.

–Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына қарамастан Алматыдағы белсенділерге митинг өткізуге рұқсат берді. Ал жергілікті билік бізге рұқсат бермейді? Меніңше бұл заңсыз, мұның бәрі коррупция, - деді Әліпқилаев.

Қазақстанда жұрт бейбіт митинг өткізу үшін әкімдікке алдын ала ескертіп, рұқсат алуы тиіс. Билік рұқсат етілмеген митингілерді заңсыз деп танып, қатысушыларын жазалайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG