Accessibility links

Қырғыз сарапшылары жаңа Конституция жобасы президент билігін күшейтуі мүмкін деп қауіптенеді


Садыр Жапаров.
Садыр Жапаров.

Қырғызстанда сыншылар парламент ұсынған жаңа Конституция жобасы президент өкілетін күшейтіп жібермей ме деп қауіптенеді. Өткен айда парламент сайлауынан кейін наразылық тұтанып, ізінше президент пен үкімет отставкаға кеткен Қырғызстанда саяси дағдарыс туындаған.

Президент міндетін атқарғалы бері билікті басып алуға тырысты деп айыпталған Садыр Жапаров бастамасымен жасалған Конституция жобасы 17 қарашада жарияланды. Депутаттардың 80 пайызы қолдаған жоба президенттің өкілетін кеңейтіп, атқару органдарында Халық құрылтайы атты жаңа орган құруды қарастырады. Жоба бойынша, оған парламент пен үкімет есеп беруі тиіс.

Жобада бұған қоса, парламенттегі депутаттар санын 120-дан 90-ға дейін қысқарту ұсынылған. Үкімет тікелей президент пен президент әкімшілігіне қарайды.

Президенттің ресми өкілі Нургазы Анаркуловтың айтуынша, жарияланған мәтін тағы да өзгеруі мүмкін. Ұсынылған өзгерістерді қолдап сөйлеген Анаркулов Қырғызстанға “көшбасшы” қажет деп мәлімдеген.

Алайда бұрынғы премьер-министр Феликс Кулов Азат Еуропа/Азаттық тілшісіне берген сұхбатында жобаны сынап, ұсыныстың негізгі мақсаты “президенттің абсолют билігін” қалыптастыру деп атап көрсеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG