Accessibility links

Қазақстанда Covid пен соған ұқсас пневмониядан ауырғандар 1 мыңға таяды


Көрнекі сурет

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметіне сенсек, өткен тәулікте (20 қараша) Қазақстанда ПТР тесті бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 822 адам тіркелген. Бұған қоса, 154 кісі коронавирусқа ұқсас пневмония дертіне шалдыққан. Демек, бір тәулікте елде жалпы 976 науқас тіркелді. Пневмониядан бір кісі көз жұмды.

Коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 412 адам жазылды.

Аймақтар бойынша қарасақ, эпидемиялық ахуал Шығыс Қазақстан облысында әлі де күрделі. Мұнда бір тәулікте коронавирус жұқтырған 227 адам тіркелген. Павлодар облысында – 95, Солтүстік Қазақстан облысында – 87, Алматы қаласында - 84, Қостанай облысында – 72, Нұр-Сұлтанда – 63, Ақмола облысында – 59 науқас тіркелген. Пневмониямен ауырғандардың аймақтар бойынша статистикасы жарияланбады.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері жалпы 124 710 адам Covid жұқтырды. Бұған қоса, 41 002 кісі коронавирус инфекциясына ұқсас пневмониямен ауырды.

Қазақстан белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияны тек 1 тамыздан санаққа ала бастады. Дегенмен, ол бойынша мәліметтерді жалпы Covid-пен ауырғандардың базасына қоспай, бөлек санайды.

Ресми мәлімет бойынша, елде коронавирустан 1945 адам, пневмониядан 425 адам көз жұмды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG