Accessibility links

Таулы Қарабақта әзербайжан сарбазы мерт болып, тағы бірнеше адам жараланды


Атыстың кесірінен терезесі сынған дүкен жанында тұрған Степанакерт қаласының тұрғыны. 4 қараша 2020 жыл.
Атыстың кесірінен терезесі сынған дүкен жанында тұрған Степанакерт қаласының тұрғыны. 4 қараша 2020 жыл.

23 қарашада Таулы Қарабақта мина жарылып, Әзербайжан әскерінің офицері қаза болды. Мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының төрт тұрғыны мен бір ресейлік сарбаз жараланған.

Ақпарат бойынша, Ресейдің бітімгер сарбаздары, Әзербайжан әскерилері мен мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының төтенше жағдай министрлігі және халықаралық Қызыл Крест ұйымының өкілдері Тертер ауданында қақтығыста қаза болғандарды іздестіру жұмыстарын жүргізген. Мадагиз ауылына келгенде әскерилер минаны басып кетіп, жарылған. Ресей қорғаныс министрлігі орыс офицерінің өміріне қауіп жоқ деп мәлімдеді.

Ресей қорғаныс министрлігі өкілінің сөзіне сүйенген мемлекеттік ТАСС агенттігінің жазуынша, қақтығыс кезінде қаза болғандардың мәйітін табу және тапсырумен айналысып жатқан топтың жұмысты бастағандарына бір аптадан асқан. Табылған мәйіттер тараптарға жерлеуге беріледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG