Accessibility links

Өзбекстанда жекеменшік телеарна тілшілеріне халық наразылығын көрсетпеуді бұйырды


Газ тапшылығы жөніндегі наразылық жиынынан тараған телехабардың скриншоты.
Газ тапшылығы жөніндегі наразылық жиынынан тараған телехабардың скриншоты.

Өзбекстанда Zo'rTV телеарнасының жергілікті тілшілеріне халықтың газ тапшылығы мен өзге де мәселелер жөніндегі наразылығын көрсетпеуді бұйырған.

Журналистердің сөзінше, редакцияға мұндай тапсырманы Өзбекстан президенті әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникация агенттігі (АБКА) берген. Мұның алдында ғана телеарна Қаршидегі наразылықтың видеосын эфирден көрсеткен.

Телеарна басшылығының журналистерге жолдаған нұсқаулығында "АБКА мен бірқатар мекеменің қарсылығына байланысты бұқаралық митингілерді көрсетпеу" тапсырылған. Аса қажет болса, митингшілер арасынан "бір адам шетке шығарып жеке сұхбат алу" ұсынылған.

Zo'rTV телеарнасында жұмыс істейтін жергілікті журналистің айтуынша, бұл нұсқаулық Қашқадарья арнасы тілшісінің 11 қарашадағы хабарынан кейін түскен.

"Сол күні Қарши ауданындағы жарық пен газдың жоғына ашулы адамдардың наразылығы мен олардың әкіммен кездесуі көрсетілген. Сюжет "Әкіммен бетпе-бет" деп аталған. Осыдан кейін бәрі басталды. Редакторлары митингтен хабар таратуға тыйым салған, ал бұл тапсырманы жоғары жақ берген" деді журналист аты-жөнін атамауды сұрай отырып.

Zo'rTV телеарнасының өкілі Маруфходжа Ходжанкулов АБКА-ның тапсырмасын жоққа шығарды. Оның сөзінше, "бұқараның үндеулері зерттеліп, эфирден беріледі".

Бірқатар жергілікті басылым дәл осында ресми нұсқаулық алғанын хабарлады. 26 және 27 қараша күндері Kun.uz, Gazeta.uz, Podrobno.uz және Daryo.uz басылымдары Президент әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникация агенттігінің бас директоры Асаджон Ходжаевтың ескерту хатын жариялады.

Тәуелсіз басылымдар АБКА-ның қысым көрсету әрекетін жасады деп айыптады. Олардың сөзінше, ресми хатта сыни хабар таратудың "ауыр құқықтық салдары" туралы ескертілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG