Accessibility links

Мәскеуде "мемлекетке сатқындық жасады" деп күдікке ілінген ғалым қамауға алынды


Сот залы.
Сот залы.

3 желтоқсанда Мәскеу соты "мемлекетке сатқындық жасады" деп күдікке ілінген ғалым Анатолий Губановты екі айға қамау туралы шешім шығарды. Бұл ақпаратты мемлекеттік ТАСС агенттігі хабарлады.

Ғалымға бұлтартпас шарасын қолдану туралы сот отырысы жабық өткен. Қылмыстық іс материалдары құпияландырылған. "Интерфакс" агенттігінің болжамынша, тергеу органдары Губановты мемлекеттік құпия деп танылған мәліметті шетел асырған деп айыптауы мүмкін.

Ақпарат бойынша, ғалым Мәскеу физика-техникалық институтында "аэродинамика және жылдам ұшатын аппараттар" тақырыбында лекция оқыған. Оқу орнының ректоры Николай Кудрявцевтің айтуынша, Губанов институтта "жарты ставкамен" жұмыс істейді, ал негізгі жұмыс орны - профессор Жуковский атындағы орталық аэрогидродинамика институты. Мәскеу физика-техникалық институтының баспасөз қызметі ғалымның жұмыс орнына байланысты түсініктеме беруден бас тартқан.

Ақпарат құралдарының жазуынша, Губанов Жуковский институтында 1979 жылдан бері жұмыс істейді, ұшақ, зымыран және өзге де жылдам ұшатын аппараттардың аэродиминамикасы мәселелерімен айналысады.

Қыркүйек айының соңында Томскіде ФСБ-ның Мәскеу бөлімшесінің қызметкерлері электронды құрылғыларды зарядтайтын құралдар шығарумен айналысатын 65 жастағы Александр Луканинді ұстаған болатын. Ол "құпия мәліметтерді Қытайға берді" деген күдікке ілінген. Ғалым зейнетке шыққаннан кейін Қытай университеттерінде сабақ берген деп айтылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG