Accessibility links

Парижде қауіпсіздік туралы заң жобасына қарсылық акциясы қақтығысқа ұласты


 "Ғаламдық қауіпсіздік туралы" заңға қарсылық акциясы кезінде өртенген көліктің жанынан өтіп бара жатқан өрт сөндіруші. Париж, Франция, 5 желтоқсан 2020 жыл.
"Ғаламдық қауіпсіздік туралы" заңға қарсылық акциясы кезінде өртенген көліктің жанынан өтіп бара жатқан өрт сөндіруші. Париж, Франция, 5 желтоқсан 2020 жыл.

Сенбі, 5 желтоқсан күні Франция астанасы Парижде мыңдаған адам Францияның қауіпсіздік туралы жаңа заң жобасына қарсылық білдірді. Акция кезінде полиция ондаған шерушімен қақтығысып қалды.

Қара киім киген, бетіп бүркемелеген ондаған адам полицияны шабуылдап, көшедегі дүкендердің витриналарын шағып, көліктерді өртей бастады. Полиция көзді ашытатын газбен жауап қайтарды.

Акцияға шыққан тұрғындар кәсіби қызметін атқарып отырған полицейді фотоға және видеоға түсіруге тыйым салатын жаңа заң жобасына наразы. Олар билік полицияның заңсыз әрекеттерін жасырып, сөз еркіндігін шектесі келіп отыр дейді.

Наразылық үш полицейді қара нәсілді музыкалық продюсерді соққыға жығып жатқаны бейнеленген видео тараған соң өрши түсті.

Франция президенті Эммануэль Макрон заңның даулы бабы өзгеретінін мәлімдеді. Жастарға арналған Brut видео порталына берген сұхбатында ол күш қолданатын полицейлердің барын мойындаған. Макрон ондай полицейлер жазалануы тиіс деді. Бірақ бұл мәлімдеме наразылық толқынын баса алмады.

26 қараша күні полицейлердің қара нәсілді музыка продюсері Мишель Зеклерді ұрып жатқанын көрсететін видео кең тарап, ашулы тұрғындар қатары көбейді. Ұрып-соғуға қатысы бар деген төрт полиция қызметкерлеріне айып тағылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG