Accessibility links

Беларусьте жексенбі күні наразылық кезінде 300-ден астам адам ұсталды


Күштік құрылым өкілдері.
Күштік құрылым өкілдері.

6 желтоқсанда Беларусь күштік құрылым өкілдері Александр Лукашенко режиміне қарсы наразылық акциясы кезінде 300-ден астам адамды ұстаған. Елде наразылықтың жалғасып жатқанына шамамен 4 ай болды.

Жексенбі күні наразылыққа нақты қанша адамның шыққаны белгісіз, себебі осыған дейін белсенділер бір мезгілде көп адам ұсталмас үшін тұрғындарды бір орынға жиналмауға шақырған еді. Сол себепті демалыс күні қаланың барлық-дерлік ауданында акция өткен. Nexta телеграм-арнасында жарияланған видеоларға қарап, ондаған мың адам көшеге шықты деп айтуға болады. Минск орталығына әскери техника әкелінген.

"Весна" құқық қорғау тобының ​мәліметінше, кешке қарай Минскінің бірқатар аудандары мен өзге қалаларда 300-ден астам адам ұсталған.

Минск мен елдің өзге қалаларында наразылық акциясы 9 тамыздан бері жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясы Лукашенконы сайлаудың жеңімпазы деп атағаннан кейін тұрғындар көшеге шығып, президент сайлауының нәтижесін жоюды талап еткен. Бұған қоса, демонстранттарға күш қолдануға да қарсы шыққан. Батыс елдері Лукашенконың жеңісін мойындамайды. Еуроодақ Беларусь шенеуніктеріне санкция салған.

Наразылықты күшпен басу кезінде кемінде 5 адам қаза болған, 6 адам із-түзсіз жоғалған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, шамамен 30 мың адам қудаланып, қоқан-лоқыға ұшыраған.

Ресей Беларусьтегі сайлау нәтижесін мойындап, жағдай ушықса Лукашенкоға әскери көмек беруге уәде берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG